АТАМБАЕВТЫҢ МОНОЛОГЫ
АТАМБАЕВТЫҢ МОНОЛОГЫ

 

Біреу мақтап, біреу даттап жатыр ма?
Сөзім қатты тиіп кетті, жақынға!
Әй, қазақтар, сендерге жоқ реніш,
Менің сөзім "ана кісі" һақында!

Рас, қатты силасқанбыз басында,
Іні болып жүрдім талай қасында.
Сый - сияпат, құрметтің шегі жоқ,
Татулықтың бірге жаттық қосында!

Саясатты сайқал дейтін өздерің,
Міне, менде бір-ақ күнде өзгердім.
Мені кәрі басшы деген - сөзіне,
Айтшы, қане, қалай, қайтіп төзермін.

Кімнің кәрі екендігі белгілі!
(Тарихта қалар бәлкім ерлігі!).
Жемқорлары көп дегенім - айып па? 
Қазақ байы маған мәлім ендігі.

Қымбатшылық салды ма ауыз қалтаңа?
Әлеуметтік күйің қалай?
Орта ма?
Әй, қазақтар, 
мұнай басып жүрсеңде,
Бензин құны шарықтап тұр Арқада!

Дос жылатып айтатынын ұмыт па?
Жамандықты жүрегіңе құлыпта!
Байлығыңды сорып жатыр -
сен болсаң,
Сиыр сынды мөңірейсің, тұлыпқа!

Нағашыбай Қабылбек

 

 
Нағашыбай ҚабылбекНағашыбай Қабылбек
2 жыл бұрын 1203
0 пікір
Блог туралы