ДАРВИН ІЛІМІ
ДАРВИН ІЛІМІ

              Дарвин ашқан ілімге,

күдікпенен қарап жүрмін бүгінде.

«Бір ұқсастық бар деуші еді түрінде,

кәрі ұстазым, шөлі қанған білімге».

 

Маймыл біздің арғы атамыз соны ұқтық,

Әжем естіп күйіп - пісті торықты.

«Дарвин туса туған шығар маймылдан,

менің тегім бөлек дейтін жарықтық».

 

Дарвин сөзін пір тұтушы ек бал ашқан,

әжем - дағы жеңілмеуші ед таластан.

«О, Тәңірім, мұсылманның баласын,

тәубасына түсір дейтін адасқан!».

 

Қараңғы ойдың тұмшалаған таңы атты,

адамды Алла топырақтан жаратты.

Ораза ұстап, намаз оқып жүретін,

әжем бізден болып шықты сауатты.

 

Өтті жылдар, оның бәрі әлі есте,

әжем байғұс кетті айналып елеске.

Шайтан ілім шырмауынан шыға алмай,

қаншама жыл мен де адастым емес пе!

 

Кешір, Алла, Мұхаммедтің үмбетін,

таза адамның асқақтаттың келбетін.

Топырықтан жаратылған пендемін,

топырыққа қайта айналу міндетім.

 

Нағашыбай ҚабылбекНағашыбай Қабылбек
2 жыл бұрын 635
1 пікір