Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт АТАМҚҰЛОВ-тың "Егемен Қазақстанға" берген сұхбатынан кейінгі туған жыр!
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт АТАМҚҰЛОВ-тың "Егемен Қазақстанға" берген сұхбатынан кейінгі туған жыр!

 Министр сұхбатында:  «Зымыранды құлату ауданына қатысты алаңдауға негіз жоқ» депті.  Толығырақ: https://egemen.kz.

АЙТЫҢЫЗШЫ, ҚАУІП БАР МА ОРЫСТАН?!

Бейбіт аға,

сұхбатыңыз сұрапыл!

Толғаныстың жемісі ғой,

сірә, бұл!

"Оқығанның иті артық" деп, -

бабалар,

Айтқан сөздің жаны барын,

ұғады ұл!

 

Ақша десе,

құрақ ұшу қалды ма?

Айтыңызшы,

Қазақстан жарлы ма?

5 жыл бойы,

жерді жалға бермейтін,

Мороторий,

күшін жойып алды ма?

 

Жер шығыны,

кейін өзін ақтай ма?

Жер жыласа,

қазағыма бақ қайда?

Гептил емес,

жанармайдың өзінен,

Қара жердің,

соры шығып жатпай ма?

 

Еркін ашып,

бейбітшілік – қақпасын,

Айтып жүрміз қаруы көп –

жатқа сын!

Артымызда қоқыс қалса – 

у шашқан,

Кейінгі ұрпақ,

Қарғыс айтып жатпасын.

 

Соққы тисе,

табиғатта теңселер,

Бәрі жақсы,

дегеніңе кім сенер?!

Қара жерде қарғыс айтар,

Ресей,

екі - үш жылдап,

сарып кете берсе егер!

 

Екі - үш жылдың,

екі-үш ғасыр жыры бар,

Бірақ мұны кім ұғар?!

Торғай жері жатқан кезде,

шырылдап,

Менің дағы,

жағдайым жоқ бұғынар!

 

Мына заман,

талайларды ер етті,

Сізге мыңдап,

келтіреміз деректі!

Кеше ғана,

әрең жапқан жабылып,

Біз Семейден,

сабақ алсақ керек - ті!

 

 

Туған небір,

жасықпенен, алыпты,

Бұл палигон -

Торғай үшін қауіпті!

Әлде үлкен саясаттың -

мақсаты,

Торғай жақтан,

көшіру ме халықты?

 

Бейбіт аға,

қазақсыз ғой,

таласпан,

Сізге де ортақ,

мына дала,

мына аспан!

Неге бізге әлі күнге,

үстем тұр?

Айтыңызшы,

қауіп бар ма орыстан?

 

Аузы күйген халықпыз ғой,

сынақтан,

Аз ба бізді, еңіреткен,

жылатқан!

Ұр тоқпақтың өткен жоқ па,

заманы,

Жылы сөзді кім айтады,

жұбатқан!

Нағашыбай Қабылбек

Нағашыбай ҚабылбекНағашыбай Қабылбек
2 ай бұрын 547
0 пікір
Блог туралы