Менің қолымда Кеңгірбай бабаның таспихы, басымда киізден басылған қалпағы! Семейдегі Абай ауылында жүрген кезімнен естелік. Көнеден жеткен құнды дүниелерді өзімше ырымдап біраз жүрдім сол жерде. Қыр басында Бабаның бейіті. Сонадайдан көрінеді. Кеңгірбай - Тобықтының атақты биі. Еңлік пен Кебек оқиғасына байланысты көркем шығармаларда әділетсіз би атанған. Әйтсе де, біз білмейтін, бізге жетпеген деректер басқаша сайрайды. Өрімдей екі жасты ақылгөй абыздың өлімге қиюы ақылға сыймайды тіпті. Дініне берік, шариғатқа жетік бидің бұлай істеуіне не себеп болды дейсіздер ғой баяғы. Менің естуімше албырт екі жас қыз алыспайтын ағайын адамдардың балалары болған. Айтқан ақылға көнбей тауға қашып кеткен. Бұл ұзақ оқиға. Кейін қолға түскен. Аямаған... Мысалы Құнанбай қажыны жексұрын еткен Қодар мен Қамқа ше? Олар да кезінде біраз дәріптелді. Бірақ шындық біраз жыл бұғып жатты. Олар ата мен келін бола тұра арды аттаған. Оларды жазаға кескенде шариғатқа сай куәлары болған. Кейігі жастарға үлгі болмау үшін оларға шариғат бойынша"тасборан" заңын қолданған. Кейін Семейге қайтып келе жатқанда Еңлік пен Кебектің күмбезді молалары алыстан қарауытып тұрды. Бейне бір арманда кеткен махабаттың кейпінде... Көзімді тайдырып әкеттім... Қайран біздің бабалар деп ішімнен күбірлей бердім... басқа қолымнан не келеді...
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 жыл бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 жыл бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 жыл бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 жыл бұрын2024, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.