Осыдан 4 жыл бұрын жазған екенмін. Ислам. кз сайты ашылғанда. Бүгіндері қанатын кеңге жайған сайт.
Ислам. кз сайтының жігіттері, істеп жатқан игі істеріңе Алла тағала берекет берсін! Жақсы бір бастаманы қолға алған екенсіңдер. Құтты болсын! Алдағы уақытта мүмкіндік болып жатса, шама шарқымның жеткенінше үлесімді қосуға тырысамын.
...Қарап тұрсаң тың дүние жазудың өзі мұз астынан балық аулағанмен тең емес пе? Қаба ма, қармағыңды қаппай ма, ол да белгісіз. Бірақ "Үмітсіз шайтан" деп сарылып отырасың. Сондай сәтте, мына секілді үлкен шортан қауып жатса қуанышыңда шек болмас! Бұл Торғай өзенінің азулы шортаны. Бәріңізге жұғысты болсын деп көрсетіп жатырымын... Ой қармағымызға ғибратты, салиқалы дүниелер іліксін.