ҚАЙДА МЕНІҢ ӨР РУХЫМ - КӨК БӨРІ!
ҚАЙДА МЕНІҢ ӨР РУХЫМ - КӨК БӨРІ!

 

(Бұл жырымды қазақ поэзиясының Көк бөрісі Сабыр Адайға арнадым!)

Маңғыстау өңіріндегі Отпантауға жол түсіп, Адай ата кесенесіне барып ата - баба аруағына құран бағыштап қайттық. Ақын Сабыр Адайдың идеясы негізінде Отпантау тарихи -мəдени кешені тұрғызылғаны белгілі. Бауарайда үш жүздің үш биі малдасын құрып, елді ынтымақ пен бірлікке шақырып отыр! Ту биіктегі Адай ата басында қос ұлы мен Ұран - от жəне Көк бөрі тұр. Көк бөрінің айбарлы сұсын көріп, қайдағы-жайдағы еске түсіп көкірегім қарс айырылды.. ..

Ей, Көк бөрі, 
көктүріктің ұраны,
болып едің, 
ескерткішің тұр, əні! 
Саған құлап сыйынбаймын, 
алайда,
сені көрсем, 
қаным қызып тұрады!

Ей, Көк бөрі,
Көк түріктің ұраны, 
сенен өткен, 
көре алмадым қырағы!
Көк аспанның - 
көк жебесі атанған,
сенен ғана,
тайсақтайды қыраны.

Ей, Көк бөрі,
Көк түріктің ұраны,
сенен көрдім, 
көнермейтін мұраны! 
Отаныңа,
отбасыңа адалсың, 
біздер жүрміз, 
арқалап бар күнəні.

Ей, көк бөрі,
Көк түріктің ұраны,
қыңқ етпедің қылбұрауға...
бұрады...
... Аталасың арыстан мен
жолбарыс,
балаларға мазақ болып 
жүр əні...

Ей, көк бөрі, 
көктүріктің ұраны,
достыққа адал, 
құштарлығың ұнады! 
Құрақ ұшып бас ұрмайтын - 
тектілік, 
қан арқылы,
қу шекемді ұрады!

Ей, көк бөрі,
Көк түріктің ұраны!
Заман сені,
қаншама рет сынады. 
Сен рухсыз қазақтарға,
кектендің,
кезіп жүріп, 
тау мен тасты, 
жыраны!

Ей, Көк бөрі, 
көктүріктің ұраны, 
сені көрсем, 
көзім жайнап тұрады. 
Сен мақтауға зəру емес,
тағысың, 
біз пендеміз - 
елең еткен құлағы.

Ей, Көк бөрі, 
Көктүріктің ұраны,
аңсағаның азаттықтың жыр - əні!
Миллиондарды жеген
жемқор қасында, 
сенің тартқан 
тоқтың неге тұрады!

Ей, көк бөрі, 
екеумізге жер - Ана,
жерден берді ырыздықты, 
тең, 
дара! 
Динозавр заманында күн кешіп,
өр рухпен,
бізге жеткен сен ғана!

Ей, Көк бөрі, 
Көктүріктің ұраны, 
қайда сенің, 
кең жазира Тұраның....
...Сені жебеп,
қорғап жүрген - Тəңірдің, 
Мені демеп, 
қолдап жүрген - құраны!!!

Нағашыбай ҚабылбекНағашыбай Қабылбек
7 лет назад 7025
1 комментарий
  • Казактардын ураны кок бори болган деген созди биреулер адейи Казактарды адастыру ушин ойлап тапкан. Негизи Казактар кок аспан Танирине сенген,ягни Аспандагы Кудайга.
    7 лет назад
О блоге