Рахмет, ұлдарына Қалидың
Рахмет, ұлдарына Қалидың

Ауыл өнердің кеніші ғой, шіркін! Мен туған шағын ғана ауылда небір сөзді тауып айтатын кісілер болды. Солардың кейбір езу тартарларын ұсынып отырмын.

 Жанынан өлең шығарып айтатын ақындығы бар Жұмаділ Қалиев маған туысқан кісі еді. Заман астан - кестен болып, малдың бәрі жекешелендіріліп жатқан жылдары бауырларының басын қосып, совхоздан төрт түлік мал алып вермерлікке шығады. Ауылдың іргесіндегі "Естек" деген жерді таңдап қыстақ етеді. Алты ай жаз еңбектеніп, малдың қыстық жем - шөбін даярлап алғасын, арық тұраққа деп үш - төрт тонна таза бидайды қораның алдына төктіреді. Інілеріне ысырап қылмай, жауын шашынға ұрындырмай қоймаға кіргізіп алыңдар деп тапсырма беріп, өзі басқа шаруаларымен кете барады. Күн аралатып оралған Жүкең, бидайдың ашық - шашық қалғанын, құжынай қонған торғайлардың мәре - сәре болып жатқанын көріп қанша ашулансада сабыр сақтап, інілерін қасына шақырып алыпты.

- "Анау бидайдың үстінде асыр салып, шықылықтап жүрген торғайлардың не деп «әндетіп» жүргендерін білесіңдер ме" деп сұрайды олардан.

"Жоға, білмейміз" депті қысылған інілері.

Онда тыңдаңдар дейді Жүкең.

-"Ауласында болып едім әр үйдің,

Естекке кеп жемге тойып шәнидім.

Осыншама сый құрмет көрсеткен,

Рахмет, ұлдарына Қалидың" деп шулап жатыр деген екен.

 

Нағашыбай ҚабылбекНағашыбай Қабылбек
7 лет назад 2871
0 комментариев
О блоге
Прямой эфир