ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ: «ҚАРА ҚЫТАЙДАН ҚАУІПТЕНУГЕ ЕШ НЕГІЗ ЖОҚ»
ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ: «ҚАРА ҚЫТАЙДАН ҚАУІПТЕНУГЕ ЕШ НЕГІЗ ЖОҚ»

22 шілде күні бір топ журналист, блогерлер Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаевпен Астана іргесіндегі Балқарағай демалыс орнында кездесті. Шай үстіндегі еркін əңгіме еліміздегі орман шаруашылығы, елордадағы жасыл белдеу, жер мəселесі туралы өрбіді. Осы жиыннан соң Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаевпен еркін сұхбаттасуға мүмкіндік туды.

Ереке, әңгімені бірден, өзіңіз тікелей бақылауда ұстап отырған Астананы қоршаған «жасыл белдеу» аймағынан бастайық. Айтпақшы, таяуда ғана елбасының қабылдауында болып, жасыл белдеудің бүгінгі хал-ахуалы туралы есеп бердіңіз емес пе?

Астана маңайындағы жасыл белдеу 1997 жылы алғаш қолға алынды. Ол кездегі Астана қаласының табиғи жағдайы бәріңізге белгілі.  Өте қолайсыз аймақ еді. Жел тұрса болды шаң бұрқырап, елді әбігерге салып, басылмай тұрып алатын.

Бірден айтайын, жасыл белдеу Елбасының идеясымен құрылған бастама. Оның бүгінгі пайдасы шаш-етектен болып тұр. Өткен 20 жылда  жасыл белдеу аумағы 73 мың гектардан асып кетті. Жайқалып өскен жасыл желек бас шаһардағы шаңды басып, жел екпінін біраз бәсеңдетті. Онда сыңсыған қайыңан бастап, шегіршін, қарағай, сары қарақат, жиде, тіпті шиеге дейін көктеп тұр.

Қолдан жіберілген қырғауылдар осы күні өсіп-жетіліп, саны артып, жасыл желектің сәніне айналды. Олардың емін-еркін мекен етуі үшін  орманды әлі де ұлғайту ойда бар. Болашақта оны Ақмола облысы, Ақкөл ауданындағы ну орманмен жалғастыру жоспарланып отыр.

Енді міне, 20 жылдан кейін ағаш саясындағы климаттың әр кез жұмсақ, тиімді болатынын дәлелдеп отырмыз. Бұрынғы бұрқырап жатқан шаң бүгінде жоқ. Маңайдың бәрінде жайқалып өскен ағаш.

Иә, мені таяуда елбасы ақорда да қабылдады.  Астана төңірегіндегі «Жасыл белдеуді», қала саябақтары мен ботаникалық бақты дамытудың маңыздылығы жайлы әңгіме болды. Соңында елбасы бізге бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Елбасы берген нақты тапсырмалардың бір-екеуіне тоқтала кетсеңіз?

Президент Нұрсұлтан Назарбаев ағаштарды әсіресе Астана-Щучинск пен Астана-Қарағанды сияқты республикалық маңызы бар жолдардың бойына егу қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы елордадағы саябақтарды жақсарту мен Астананың сол жақ жағалауындағы ботаникалық бақтың құрылысы бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын қадап айтты.

Ереке,  елбасы қабылдауында болу үлкен жауапкершілік. Сондай-ақ  ол жердегі аура  да бөлек. Тап сол сәттегі ішкі сезіміңізді бөлісіңізші?

Әрине, президентпен жүздесу анау айтқандай оңай нәрсе емес. Жауапкершілік өз алдына, үлкен толғаныс болады.  Ол кісінің мысы да басады адамды... Расымды айтсам, сөйлеген әр сөзім құлағымда күңгірлеп тұрды. Осыдан-ақ менің жағдайымды түсіне бер....

Астана маңайын көріктендіру үлкен ауқымды шаруалардың бірі. Оған бөлінетін қаржы да қомақты болар?

Жасыл белдеуде жұмыс жасайтын адамдардың жалақысы бар,  өзге де кіріс-шығыс мәселелері толып жатыр.Ол жердің күнделікті техникалық іс-шаралары да тоқтаусыз жүреді. Ағаштардың түбін қопсыту,  арам шөптерін жұлу, суғару дегеніңде қыруар жұмыс.  Соның бәрі ескеріліп жылына  2 млрд көлемінде қаржы бөлініп отырады. Мынаны баса айтқым келеді. Бұл зонада табиғат отырғыза алмаған, былайша айтқанда табиғаттың бүткіл заңына қайшы жасап жатқан іс-әрекеттеріміздің осындай оңды нәтиже беруі  бөлініп жатқан  қаржының арқасы.

Соңғы уақытта ел ішінде кооперативке топтасу қатты қарқынмен болмаса да, ақырындап жүріп жатыр?  Осы мәселеге аз-кем аялдасаңыз?

Егеменді ел болғалы бері ауылшаруашылығында нарыққа қатысты диханшылармен мүлде басқа қарым қатынастың негізін құрдық. Соның ішінде кейінгі жаңа бағдарламаны ауылда тұратын халыққа  бағытталған деп толық айта аламын. Бұл жерде бәрі ескерілген. Соның бірі кооператив. Мемлекет қазақтың ата кәсібі мал шаруашылығын дамытуға бар мүмкіншілікті жасап отыр. Өздеріңіз білесіздер, бұған дейін көптеген жақсы бағдарламалар қабылданды. Оның көбісі ірі бизнестерді дамытуға арналды. Әрине ірі бизнестер болуы керек. Онсыз болмайды. Дегенмен де қарапайым халықтың да жағдайын жасау бірінші орында тұр. Жоғарыда айттым, коператив –қауымдасу деген сөз. Бұл бағдарлама қазір өз деңгейінде жүріп жатыр. Халық түсініп, коперативке шоғырлануда.

Сізбен  кездесіп отырып, жер мәселесіне соқпай кету мүмкін емес. Ол туралы болған комиссияның басы қасында өзіңіз де жүрдіңіз?  Мороторий жарияланды.  Содан бергі жасалып жатқан шаруалар жайлы не айтасыз?

Мароториде жерді шетелдіктерге жалға беру, өзіміздің азаматтарға жекеменшікке беру тоқтатылған. Әзірге бес жылдық мерзімде біз көптеген жұмыс тындыруға тиіспіз. Біріншіден, бүкіл  ауылшаруашылық санаттағы берілген жердің иесі кім, оның қарауындағы жердің көлемі қанша, ол жерді қалай қолданып жатыр.

Екіншіден, гиоботаникалық зерттеу жұмыстарына ақша бөлінді. Бұл не үшін керек? Жердің құнарлылығы  тексеру үшін, сондай-ақ жайылымдық жерлердің көлемін анықтау үшін. Өздеріңіз білесіздер, бүгінгі ең үлкен проблема жайылым мәселесі болып тұр. Мысалы ауылдық елді-мекендердің маңындағы жайылымдық жерлер ұжымдық қолданыста болу керек. Бұл бұрыннан заңда бар.

Осы жерлер жекеге өтіп кетті ме, жоқ әлде қолданыста ма? Осыны анықтауда алдымызда тұрған келелі мәселе.

Үшіншіден, жоғары да айтқан мәселелер анықталған соң, ол жерлердің құны қандай болуы керектігі шешілуі тиіс. Өйткені бұрынғы кадастрлық бағалар ескірді.

Өзіңіз білесіз, ел арасында  қытайға деген көзқарас нашар. Таяуда  сіздер  ауылшаруашылық мәселесі төңірегенде Қытаймен бірлескен форум өткіздіңіздер?  Жалпы ел арасындағы түрлі алып-қашты әңгімелерге қандай уәжіңіз бар?

Ең бірінші айтарым, Қытайға көп көлемдегі жерлер өтіп кетті деген қауесеттер бос әңгімелер. Мен түсінбеймін осындай бос сөздер кімге керек? Бәлкім елді арандату үшін біреулерге керек болар. Алайда ақиқат басқа. Қазақтың жер өз орнында тұр.

Бүгінгі статистика бойынша еліміздегі жерді пайдаланып отырған  шетелдік азаматтар мен компаниялар 12 ғана. Оның 5-еуі юридический, 7 физический тұлғаларға берілген. Барлығы 31 мың гектар жер олардың қолдануында. Олардың арасында  1-ақ қана компания  Қытайдікі. Өткен жылы ала жаздай Шығыс Қазақстан облысында қытайлардың қолында көптеген ауылшаруашылық саласындағы жерлер бар деген дақпырт тарады. Ол да өтірік әңгіме.

Себебі бүгінгі күнге дейін Қазақстандық үш компанияға жер берілген.  Оның көлемі 9 мың гектар болған.  (Қытайдың өз ақшасымен кірген кәсіпкерлерімен қоса). Оларға тағылған айып, жер тілімі бүгінгі заңға қайшы берілгенінде болып отыр. Әдейі прцедураларды ұстанбаған. Біздің министрліктің талабы бойынша олардан 92 мың гектар жердің 84 мың гектары қайтарылды. Қалған 7,5 мың гектар жерді маусым айында ғана біздің пайдамызға шешті. Демек, 92 мың гектар жер қайтарылмақ.

Жасыратыны жоқ, бүгінгі заман талабына сай қарасақ, кімде жаңа технология бар, сол үстемдік құрады.  Қай халық болмасын. Сондықтан ауылшаруашылық өнімін өңдеу проектсі бойынша көптеген келісімдер Қытаймен жасалуда. Олар біздің кәсіпкерлермен бірге өз жерімізден шығатын өнімдерді бірлесе  өңдеуге күш салмақ. Бағасы арзан, елге тиімді өнімдер шығып, халық сұранысын қанағаттандырып жатса кімге жаман?

Сондай-ақ, технологияларымен, өнімдерімен ауылшаруашылығына келіп жатқандар тек қана қытайлар емес, бізде европаның көптеген мемлекеттерінен келген инвесторлар жұмыс жасауда.

Бүгіндері қарқынды жұмыс жасап жатқан «ҚазАгро» ұлттық холдингі туралы, оның қызмет сапасы мен қолжетімділігі туралы айтпай кетсек сұхбатымызда орны ойсырап тұрар еді?

            «ҚазАгро» ұлттық холдингі желісі бойынша АӨК қаржыландыру жүйесіндегі бірқатар маңызды өзгерістер болды. Жалпы, осы жаңа ережелер саланы мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін жоғарылатуға және елдің ауыл тұрғындары үшін несие ресурстарына қолжетімділікті және барынша қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған.   

Біріншіден, «ҚазАгро» холдингі құрылымы арқалы қорландыруға қатысты жеңілдікті шағын несиелеуді шағын қаржы ұйымдары мен несие серіктестері арқылы алуға болады.

Екіншіден, жұмыстарын жаңа бастаған кәсіпкерлердің кепілдік проблемасын «ҚазАгроКепіл» (КазАгроГарант) арқылы қарыздарды кепілдендірудің жаңа жүйесі шешуге көмектеседі.

 Үшіншіден, инвестициялық жобаларды қаржыландыруға өтінімдерді Аграрлық несие корпорациясы қабылдайды. 

Қазіргі жағдайда «ҚазАгро» холдингімен 5,4 мың несие берілді, 12 мың адам жұмыспен қамтылды.  Ағымдағы жылдың 1 қаңтарында ҚазАгроның несие қоржыны  582млрд. теңгені құрады.  Холдингтің клиенттері 53 мыңқарыз алушы болып табылады.

Холдингпен агросекторды несиелеудің жалпы көлемінің  85%-ы шағын және орта бизнес субъектілеріне тиесілі . Холдингтің шағын несиелеу нарығындағы үлесі 94%-ды, ауылшаруашылық техникасының лизингі нарығындағы үлесі – 72%-ды құрайды.

Кешіріңіз сөзіңізді бөлейін, «ҚазАгро» ұлттық холдингі ауылшаруашылығындағы түткілді мәселелерді шешуге қаншалықты қауқарлы?

Ол туралы кесіп-пішіп бірдеңе деп айту қиын. Жұмыс жасалып жатыр. Сол себепті ауыл шаруашылығында қаржыландырудың барлық проблемалары шешілді деп айтуға ертерек болар.  Осы уақытқа дейін әлеуетті қарыз алушылардың кеңейтілген тобы үшін ауылдық жерлерде несие ресурстарына қолжетімділік мәселесі ашық болып отыр.   Тежеуші факторлардың бірі – бұл көптеген ауыл тұрғындарының қажет кепілзаттарының жетіспеуі немесе болмауы.

Осы проблеманы шешу үшін «ҚазАгро» ұлттық холдингі ауылдағы бизнесті несиелеу процессіне жеке қаржы құрылымдарын – Шағын қаржы ұйымдары мен Несие серіктестіктерін тарту бағдарламасын әзірледі. Бұдан басқа, Холдингәсіресе ауылдағы жұмысын жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін ыңғайлы шағын қарыздарды кепілдендіру жүйесін енгізеді, ол шағын бизнеске кепілзатпен проблемасы болған кездің өзінде несие қаражатын алуға және өз ісін бастауға мүмкіндік береді. Жаңа схема өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту  бағдарламасы шеңберінде әзірленді, оны іске асыруға НС және ШҚҰ арқылы 11 млрд.теңге көзделген, 6% мөлшерлемеден.   Мемлекет атынан «ҚазАгроКепіл» АҚ кепілдік етеді.

Жас кәсіпкерлерге «ҚазАгро» ұлттық холдингі өте тиімді бағдарламалар ұсынып тұрғаны байқалады? Осы мәселені теріңірек қаузасаңыз?

Кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін кепілдік көлемі шағын несие құнының  85%-ын, жұмыс істеп тұрғандар үшін - 50%-ға дейінгіні құрайды. Несие серіктестіктері мен шағын қаржы ұйымдарының қарыздары ғана кепілдендіріледі. Осы ретте, ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне ҚазАгроКепілдің офисіне барудың қажет емес екенін атап өту қажет, кепілдік алу үшін өтінім несиелеуге құжаттардың топтамасын өткізу кезінде рәсімделеді және АШТӨ тарапынан шығынды қажет етпейді.

Осыған ұқсас аталған бағдарлама Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорымен де іске асырылады. Бөлінген қаржы ресурсының көлемі  16 млрд. теңгені құрайды.

(Шағын несиелер Бағдарламаның қатысушыларына мал шаруашылығын дамытуға және ауылшаруашылық кооперативтерін дамытуға бағытталған жобалар бойынша 7 жылға дейін, басқа жобалар бойынша – 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бағдарлама бойынша қарыз сомасы 8000 АЕК  (18 152 000 теңге) аспайды, сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%-дан аспайды.)

«ҚазАгроҚаржы» АҚ бәсекелес ортаға беру жөніндегі бекітілген іс-шараны ескере отырып, жылдың басынан бастап инвестициялық жобаларды қаржыландыру бойынша барлық өтінімдер Аграрлық несие корпорациясында қабылданады. 

Осы ретте компания инвестициялық жобаларды қаржыландыруды, соның ішінде ҚР АШМ анықтаған басым бағыттардың кеңейтілген спектрі бойынша Ұлттық қордың қаражаты есебінен жоспарлайды. Егер бұрын қаржыландыру мөлшерлемесі 6%-ды құраған болса, қазір ол 5,5%-ға дейін төмендетілгенін атап өту қажет. 

Сұхбатыңыз үшін үлкен рахмет!

Қазақстан заман газеті

 

 

Нағашыбай ҚабылбекНағашыбай Қабылбек
7 жыл бұрын 3154
0 пікір
Блог туралы