Мұсылманшылықты айыптаған адамға жауап хат!
Мұсылманшылықты айыптаған адамға  жауап хат!

Нағашыбай Есмырза деген азаматтың Фб дағы жазбасына жауап! Ол кісі: - Күн өткен сайын мұсылмандықтың қазаққа жат дін екеніне көзім жетіп келеді... дейді.

НАҒАШЫБАЙ ЕСМЫРЗАҒА ХАТ!

АТТАС АҒА, СӘЛЕМ БЕРДІМ ІЗЕТПЕН, 
ҚАРА БАСТЫҢ ҚАМЫН ҚАЗІР, СӨЗ ЕТПЕН!
КҮЙКІ ТІРЛІК КҮЙБЕҢІМЕН ЖҮРГЕНДЕ,
ГИТЛЕРЛІК ИДЕЯҢЫЗ МЕЗІ ЕТКЕН!

АДОЛЬФТІ ПІР ТҰТТЫҢЫЗ - СОПЫДАЙ,
(СОҒАН СЕНГЕН ЖАС ЖҮРЕКТІҢ ОТЫН - АЙ!).
ЕНДІ БҮГІН АТА - БАБАҢ ҰСТАНҒАН,
ИСЛАМҒА ТІЛ ТИГІЗДІҢ, АПЫРМАЙ!

МҰСЫЛМАНДЫҚ ҚАЗАҚҚА ЖАТ ДЕДІҢІЗ!
КЕТІП ПЕ ЕДІ, ИСЛАМҒА КЕГІҢІЗ?!
ҚҰНАНБАЙЛАР ЕСТІГЕНДЕ БҰЛ СӨЗДІ,
АРҚАҢЫЗДАН ТАСПА АЛАР ЕД, БІЛІҢІЗ!

БАҚЫТТЫСЫЗ, ҚОЛДАУШЫЛАР КӨП БІЛЕМ,
БІРАҚ ОЙНАП ЖҮРГЕНДЕЙСІЗ ОТПЕНЕН!
ӨЛІМ ҺАҚ ҚОЙ,
АНА ЖАҚҚА ЖОЛ ТҮССЕ,
СІЗДІ ҚАНДАЙ ЖӨНЕЛТПЕКШІ САЛТПЕНЕН!

ОЙЛАН АҒА, ЖАЛҒАН ТІРЛІК АЛДАЙДЫ,
БІРЕУ ТАҚТЫ, БІРЕУ БАҚТЫ АҢСАЙДЫ.
БІРЕУ ТОЙЫП СЕКІРЕДІ, АЛ СІЗДІ,
ҚАНДАЙ СЕНІМ АЛҒА ҚАРАЙ ЖАЛҒАЙДЫ?!

ӘЛДЕ ТАМЫР ҮЗДІҢІЗ БЕ, ӨТКЕННЕН?
(ҚОРҚЫП КЕТТІК СӨЗІҢІЗДЕН КЕКТЕНГЕН?!)
БАС ТАРТҚЫҢЫЗ КЕЛІП ТҰР МА, ҺАҚ ДІННЕН;
ИСЛАМНЫҢ АҚ ЖОЛЫМЕН АТТАНҒАН,
ҮРІМ-БҰТАҚ ЖАТҚАН АНАУ КӨК БЕЛДЕН.

ДӘСТҮРІМІЗ ИСЛАММЕН ҚАБЫСҚАН,
ҚАЗАҚПЫЗ БІЗ, ӨЛІП КЕТКЕН НАМЫСТАН!
АТА-ДІНІН МАЗАҚ ЕТКЕН ДӘЛ СІЗДЕЙ,
БҰЛ ДАЛАДА КӨП ТУМАПТЫ «ДАНЫШПАН».

АСЫЛЫҚ СӨЗ АЙТПАҢЫЗШЫ, ДЕГЕНМЕН,
(ЖАН ШЫҒАРДА ҚИНАЛАРСЫЗ ДЕНЕДЕН...).
...СІЗ ЖЕК КӨРГЕН БОЛЬШЕВИКТЕР КЕШЕГІ,
МҰСЫЛМАНДЫҚ ҚАЗАҚҚА ЖАТ ДЕМЕГЕН.

МҰСЫЛМАНДЫҚ БАБАЛАРДЫҢ МҰРАСЫ,
ОҒАН КУӘ - БАР ҚАЗАҚТЫҢ ДАЛАСЫ!
СІЗГЕ ЕРТЕҢ ҚОРҒАН БОЛМАС ГИТЛЕР,
ТӘУБӘҢА КЕЛ, ТӘУБӘҢӘ КЕЛ, АҒАСЫ!

САНАҢЫЗДЫ ЖАУЛАП АЛҒАН ГИТЛЕР,
ЖАМАН ОЙҒА СІЗДІ ҮНЕМІ ИТЕРЕР.
АТА-БАБАМ АЙТЫП КЕТКЕН СӨЗ РАС,
ҚАЙТАЛАЙМЫН: «КЕРУЕН КӨШІП, ИТ ҮРЕР!»

Нағашыбай Қабылбек

Нағашыбай ҚабылбекНағашыбай Қабылбек
7 жыл бұрын 3526
0 пікір
Блог туралы