ОрҚАЗ - ЖАҢА ТІЛ
ОрҚАЗ - ЖАҢА ТІЛ

Тіл - майдан

Аспирант Мәңгүрт Ұлтсызов ұйқысынан көңілді оянды. Бүгінгі көрген түсі ғаламат. Түсінде шала қазақтар оны боз биенің сүтіне шомылдырып, ақ киізге орап Хан көтеріп жатыр екен. «Апыр-ай деп қояды» ішінен, Абылай ханға да бұлай қошемет жасалмаған шығар.
Қаумалаған халықта ес жоқ. «Нам нужен сіз сияқты Лидер. Сіз генийсіз. Сіздің ОРҚАЗ-ыңызды поддерживаем. Вы не один, біз бармыз» деп жан дауыстары шыға айқайлайды. Кенет ақ киіз – ақ бұлтқа айналып кетпесі бар ма? Үлпілдеген ақ мақта – ақ бұлтқа. Қолымен ұстап көрген жұп-жұмсақ.. Мәңгүрт Ұлтсызов мұндай мәртебеге жетем деп ойлаған емес. Зеңгір көктен төменге көз салған. Шала қазақтар қаққан қазықтай орындарынан тапжылмай әлі тұр екен. Хандарынан жылы сөз дәметіп тұрған сынды. «Доверияларыңызды ақтауға тырысамын» деп бар даусымен айқай салып, өз даусынан өзі шошып оянғаны. Түнде кеш жатып соңғы нүктесін қойған диссертациясы ойына оралған. Бұған дейін жазылмаған, бұдан кейін жазылмайтын үлкен ғылыми еңбек. Сенсация. Диссертацияның аты «Жаңадан құрылған ОРҚАЗ языкінің сегоднясы мен завтрасы». Алғашқы тараудың кіріспесі былай басталады: «Біз қазақтар если будем ходить так тілімізден айырыламыз. Языкты сохранять етудің негізгі принциптері мыналар. Либо қазақшаны, либо орысшаны сөз арасына қыстырып сөйлеу арқылы ОРҚАЗ тілін қалыптастырып, заңдастыру. Осы тілде разговаривать етіп жүрген жастарға қолдау көрсетіп, рекламалау и.т.д. Бүгінгі таңда қазақ тілін сохранить етіп қалудың бірден-бір нақты жолы осы идея. По этому қазақшаны шатып-бұтып сөйлейтін чиновники власть басында пусть сидят». Мәңгүр Ұлтсызов өзінің ашқан бұл жаңалығына риза кейіппен көрпесін қымтанып қиял әлеміне қайта енді. Ертең болатын жиын көз алдына елестеді.
«Комиссия. Ой жеген, темекіні шеге-шеге сақал-мұрттары сарғайған, шаштары ақ қаудай ғалымдар. Академиктер. Игі жақсының бәрі жиылған. Зал толы нөпір халық. Шала қазақтар басым секілді. Арагідік айқайлап, еденді тепкілеп Ұлтсызовты қолдайтындарын білдіріп қояды. Үркердей ғана оппоненттердің қабақтары түйіліп, ұнжырғалары түсіп кеткен. – Оу, ағайын – деп бастаған Ұлтсызов алғашқы кіріспе сөзін,– диссертациясына осыншама көп халықтың жиналғанына арқаланып: Хрущев өз заманында свининаның еті мен конинаның етін араластырып, қос елдің интернационалдық асын вес мир білу үшін колбаса етіп шығартты. Конечно, аяқсыз қалғаны жаль. Моя мнение осы традицияны әрмен қарай продолжать ету. Казах соседі үшін намазын бұзатын народ. Қаншама лет вместе дружно тұрып жатырмыз. Оларды да можно понять, обижать етпейік. Поэтому екі жаққа да полноценный орысшаның ОР-ын, қазақшаның ҚАЗ-ан алып, ОРҚАЗ деген «Жаңа тіл» ойлап таптым. Это идея көпшіліктен поддержка табарына я верю. Я эту диссертацию аяқсыз қалдыра алмаймын, до конца жұмыс сітеймін. Оу, туысқандар-ау сами думайте 18 жылда ОРҚАЗ-ақтың қай баласы по-казахский сөйлеп кетті. Мне желге ұшқан ақша жалко. Если вы осы идеяма согласить етсеңдер – Қазақстанды мекендеген 130 нация бір қазаннан покушаем, на одном языке сөйлесеміз. Аралас мектеп, аралас тіл, аралас салт-сана, аралас семья, аралас түс көретін боласыздар. А так, тіліміздің жойылып кету қаупі бар. Моя идея өкіметке тиімді. Бізге қаржы не нужен. Мы найдем ақшаны. ОРҚАЗ-ақтың тілінде сөйлемейтін разве қазақ бар ма? Осы идеямды Парламент бекітіп жіберсе болды»... ар жағы бұлдыр елеске айналды. Шапалақ, айқай, қолдаған, қолдамаған әр түрлі пікірлер. Қызылкеңірдек айтыс-тартыс. Мәңгүрт Ұлтсызов балмұздақ қиялын жалап жатып көзі қайта ілініп кетті.
«ОРҚАЗ-ақ нобель сыйлығын алыпты. Әлем картасында көршінің көңілін жықпаймын деп жүріп, тілі шұбарланған «жаңа мемлекет» пайда болыпты. «ОРҚАЗ»-дың авторы Мәңгүт Ұлтсызов әлем аузында. Ар жағы белгілі, мақтау, марапаттау. Қошемет. Доңыз бен қойдың басы жарасып, бас табақпен бірге тартылды. Коньяк пен қымыз үстелде иық тіресіп қатар тұр. Қызара бөртіп, у-шу болған халық. Қымызға арақты араластырып ішіп отырған Мәңгүрт Ұлтсызов «Ой-хой дүние, идеам жүзеге асты, мечтама конце концов жеттім. Прямо қазір могу умереть»деп айқайлап қояды.
 

Нағашыбай ҚабылбекНағашыбай Қабылбек
9 жыл бұрын 3138
0 пікір
Блог туралы