ДІНДІ ҚАРАЛАП, БИЛІКТІ ТАБАЛАП ЖҮРГЕНДЕРГЕ ЖАУАП!
ДІНДІ ҚАРАЛАП, БИЛІКТІ ТАБАЛАП ЖҮРГЕНДЕРГЕ ЖАУАП! Әлеуметтік желі қазір қажеттен қалған «қалдықты тастайтын» орын секілді... Ашуға булықтың ба, біреуге өкпеледің бе, ешкімнен ақыл сұрамайсың, аузыңа келген сөзді «аңыратып» жазып, «еңіретіп» сөгіп парақшаңа төге саласың. Рақат . Бұл жазбамды «жүз мыңдаған адам оқып жатыр - ау, менің осы сөзім артықтау болды - ау» дейтіндер тым аз. Қайта, айызы қанып, коментін тексеріп, лайк санап отыратындар көбейіп кетті. Сондай бір жазба қаңғалақтап, «қанатына оқ тиген құс құсап» әлеуметтік желінің ағысымен біздің алдымызға келіп қалыпты. Оқып шығып...