КИНОҒА ШОЛУ: АРТЫҚ ДЕТАЛЬ, ЖАЛҒАН ПАФОС, ӘСІРЕ БОЯУДАН АДА ФИЛЬМ
1965 жыл. КСРО мен АҚШ текетіресіп, бақталасып тұрған кезең. Қырғи-қабақ салдарынан соғыс отының да тұтанып кету қаупі таяу. Әлемге билік жүргізу үшін ядролық қару мен ғарышты игеру екі мемлекетке де ауадай қажет. Сол үшін бар байлықты сарп етсе де, ғаламды дүр сілкінту - басты мұрат. Бірінің жетістігіне бірі күйінген екі аждаһа – атақ шығару жолында барлығын құрбандыққа шалып жіберуге даяр. Көздерін қан басқан екі алып ел жанталас үстінде. Әсірелеп айтсақ «Екі қошқардың басы бір қазанға сыймай» жатқан тұс. Бірі капиталистік дәуірдің жетістігін дәріптесе, екіншісі кеңестік жүйенің...