О, құдірет! Көк аспандақажет пе осы құлшылық?Мұнда баяу, қозғалады тіршілік......Ұшақ кенет, теңселіп ет, дірілдеп, "Ей, Алла" - деп, күбір етті бір жігіт. "Сақта, Алла" - деп қалды бір қарындас,оны қоштап күрсінді апай жалаңбас.Сын сағатта,бүлкілдеді бар жүрек,өлім жайлы ойлап кетті, талай бас. Қауіп қайдан?Мəлім бəрі Аллаға, бірақ бізге жасамайды ол,жарнама. Біреу жетіп,өлсем дейді Қағбаға,біреу жүріп кете берер, арбада. Ажал қайдан,келетіні беймәлім,(Оған дайын тұра алар ма,иманың?!). Саған көмек бере алмайды ешқашан, ойдан - қырдан тірнектеп бар жиғаның. Жер мен көктің,арасында...